вторник, 2 октября 2007 г.

Келіңіздер, танысайық.

Менің атым - Айсағали. Маңғыстаулықпын. Кәсібім - журналист, соның ішінде - фотожурналист. Жасым көпшілігіңізден үлкен шығар деп жобалаймын, 49-дамын. Бірақ, компьютерді жақсы көремін. Интернет ақтарып отырып, жеке блог ашу мүмкіндігі туралы хабарға кезіктім де, бірінші рет осындай қадам жасап отырмын. Алдымен, осындай кіріспеден бастауды жөн көріп отырмын. Бара-бара басқа тақырыптарды да қаузайтын шығармыз. Фотожурналист болғасын, фото өнері туралы көбірек қозғайтын болармын. Келесі кездескенше!

7 коммент.:

massagan комментирует...

Kutty bolsyn blogynyz!
kazak bloggerler sany kobeisin!

BAKHA

Айсағали комментирует...

Рахмет. Ортақ іс қой, қатарымыз молайсын деп тілейік.
Мен де Сіздің сайтты қызыға қараймын.

Асхат Еркімбай комментирует...

Блогыңызға сәттілік тілеймін!

Эльвира комментирует...

Блогыңыз құтты болсын! сұрақ - фотонрафиямен айналысқаныңызға қанша жыл болды? арнайы оқу бітірген бе едіңіз? суреттеріңіз керемет, кәсіби!

aitar комментирует...

Айсағали блогерлер ішіндегі ақсақал сіз болдыңыз! Құтты болсын!
Фотоларыңызды үлкен көлемде қалай көшіріп алуға болады? эл.адресіңіз бар ма?

Бекжан Т.Р. комментирует...

Айсағалы аға, шыныменде сіз біздің блогшыларының арасындағы ең үлкені шығарсыз.

Сіздің блогыңызды енді ғана көріп отырмын. Менің де сұрағым Айтардың сұрағындай, суреттеріңізді қайдан алуға болады?

Суреттеріңіз керемет, Маңғыстаудың көркем келбетін керемет жеткізіп тұр...Сіздің жаққа әлі жолым түспеді, бірақ міндетті түрде жазда келемін. Барғанда сізге хабарлассам болады ғой?

aak комментирует...

Amansyz ba, Aisagali, sizdin adresinizdi taba almaj zhurmin.. sizdin eki suretinizdi okytu material ushin koldanajyn dep em, ruksatynyzdy beresiz be? Ol 'keshki keruen' men 'kum tonip keledi' degen fotolar. Karsy bolmasanyz, magan zhazyp zhiberinizshi, sizben zhane sojlesejin dep em. Aldyn ala rakmet, Aliya

Мен туралы

Айсағали
Айсағали Қыдыр, фотожурналист, облыстық "Маңғыстау" газетінде жұмыс істейді.
Просмотреть весь профиль

Фотожурналистің блогы сізді қызықтырар ма еді?